Семейде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жұма күні еліміздің бірнеше өңірінде аптап ыстық күтіледі
1,996
оқылды

Еліміздің бірнеше өңірінде аптап ыстық болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында күн қатты ысып, сынап бағаны +35...+38 градусты көрсетеді деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. Күндіз сынап бағаны +40 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да төтенше өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Атырау облысында күн қатты ысиды, сынап бағаны +35...+38 градусты көрсетеді. Өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күн қатты ысиды, сынап бағаны +35...+37 градусты көрсетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда күндіз найзағай ойнайды деп болжанады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қостанай облысының батысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыстың оңтүстік бөлігінде де төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде күн қатты ысиды, сынап бағаны +36 градусты көрсетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде де төтенше өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Петропавлда күндіз солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Облыстың таулы аймақтарында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде күн қатты ысып, сынап бағаны +35...+40 градусқа дейін барады деп күтіледі. Таразда солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Күндіз күн қатты ысиды: +38...+40 градус, төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы облысының орталығында, солтүстігінде күн қатты ысып, сынап бағаны +35 градусты көрсетеді. Қонаевта да күн ысиды, сынап бағаны +35 градусты көрсетеді деп күтіледі.