3 қазандық пен 3 турбина сөндірілді.
Балқаш жылу электр орталығында апат болды
1,090
оқылды

2023 жылғы 15 маусымда сағат 16.22-де «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-ның Балқаш ЖЭО-сында секциялық ажыратқыш зақымданып, салдарынан меншікті электр қажеттіліктерін жоғалту арқылы 10 кВ тарату құрылғысы токтан ажыратылды.

3 қазандық пен 3 турбина сөндірілді. ЖЭО генерациясы 110-нан 0 МВт-қа дейін төмендеді, – деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Сағат 17.10-да электр стансасын бұру бойынша операциялар басталды. Қазіргі уақытта 1 қазандық пен 1 турбина жұмыс істеп тұр.

Технологиялық бұзушылықты тексеру Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қатысуымен жүргізіледі.