«Қазгидромет» синоптиктері 17-19 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
17-19 маусым күндері ауа райы қандай болады?
10,132
оқылды

Болжам бойынша, демалыс күндері Қазақстан аумағында оңтүстік циклон және атмосфералық фронт ауа райына әсер етеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 18 маусымда батыста, 18-19 маусымда республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл соғады деп күтіледі. Республиканың шығысында ауа райы жауын-шашынсыз.

Тәуліктік ауа температурасы батыста 20-28 градусқа дейін, солтүстік-батыста 13-26 градусқа дейін, солтүстікте 17-27 градусқа дейін, солтүстік-шығыста 30-37 градусқа дейін ыстық болады. Республиканың орталығында, оңтүстік облыстарда температура айтарлықтай өзгермейді.