Семей орманында өрт сөнді.
Семей орманындағы өрт:  Алматы мен Қарағанды облысының өрт сөндірушілері үйіне қайтты
845
оқылды

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтің өкімімен Алматы және Қарағанды облыстары Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тұрақты жұмыс орындарына қайтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сырым Шәріпханов өрт сөндірушілерге өртті сөндіруде көрсеткен ержүректілік пен батырлық,  жоғары кәсібилік үшін алғыс айтты.

Оқиға орнында өрт толық сөндірілгенге дейін оқшауланған өрт ошақтары орындарына тұрақты түрде су  төгу, сондай-ақ өрттің жиегін топырақпен жабу және толтыру жұмыстары жүзеге асырылатын болады.

Елді мекендерге қауіп жоқ. Өрт учаскелері жанып жатқан жоқ.

Табиғи өрт орнында одан әрі қарауылдау жұмысын Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт стансалары, ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері және әуе кемелері қамтамасыз етеді.

Өрт басталғалы бері барлығы 2 636 рет көлемі 7 747 тонна су төгілді.

Кеше сағат 21.00-де Семей орманындағы өрт оқшауланды.