Ұлттық банктің 16 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 451, 82 теңге болды.
Қор биржасында доллар бағасы төмендеді
664
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,86 теңгеге төмендеп, 1 доллар 450, 99 теңге болды.

Ұлттық банктің 16 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 451, 82 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 447,5 теңге, сатып алу – 451 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 448 теңгеден болса, сатып алу – 452 теңге.

Алматыда Ресей рублі 5,33-5,57 теңге аралығында болса, Астанада көрші ел валютасы 5,35-5,45 теңгеден сатылып жатыр.