Талдықорған іргесіндегі «Тау Жетісу» демалыс аумағында парапланмен ұшудан Әлем кубогы басталды.
Талдықорғанда Әлем кубогы басталды
718
оқылды

20 елден жиналған 100-ге тарта спортшы сайысқа түсті. Қатысушылар арасында 15-тегі баладан 78 жастағы қарияға дейін бар. Алдымен 3 күн бойы іріктеу жарысы өтеді. Жар­тылай финал мен шешуші бәсеке 18 маусымға жоспарланған.