Павлодарда 54 жастағы ер адам енесін бірнеше рет зорлағаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Павлодарда ер адам 75 жастағы енесін бірнеше рет зорлаған
1,208
оқылды

Күдікті тергеу және сот кезінде өз кінәсін мойындамаған. Бірақ жиналған деректер оның енесіне екі рет зорлық жасағанын дәлелдеді.

Қылмыстық істің мән-жайы жария етілмеді, ал сот отырысы жабық режимде өткен. 

Күтімді қажет ететін зейнеткер қызы және күйеу баласымен бірге тұрған. Тергеу нұсқасына сәйкес ер адам енесінің қарсылық таныта алмайтынын пайдаланып, зорлық көрсеткен. 

Заттай айғақтар ішінде зейнеткердің өзіне қол салғысы келгенде жазған хаты болған. Сот үкімімен ер адам 8 жылға сотталып, 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.