Осылайша, екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар.
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде балуандарымыз екі қола медаль жеңіп алды
993
оқылды

Данияр Шамшаев пен Асқар Нарқұлов Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды.

Д. Шамшаев 73 келіге дейінгі салмақта отандасы Жансай Смағұловпен татамиге шықты.

21 жастағы Данияр Азия чемпионы болса, жасы отыздан асып кеткен Жансайдың атақ-дәрежесі бір басына жетерлік.

Белдесу барысында вазари әдісімен алға шыққан Д. Шамшаев сол басымдылықты уысынан шығарған жоқ.

Тағы бір қазақстандық, 23 жастағы Асқар Нарқұлов дәл осы салмақта қола жүлде үшін бәсекеде өзінен екі жасқа кіші грузиялық Джорджи Терашвилимен күресті. Бұл жекпе-жекте қателікке жол берген грузиялық спортшы жарыстан шеттетіліп, жеңіс А. Нарқұловқа берілді.