Қазіргі уақытта қарауылдау жұмыстары жүргізілуде, елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Ақмола облысында қорық аумағындағы алапат өрт оқшауланды
1,093
оқылды
17 маусымда сағат 15.00-де ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қорғалжын қорығы" мемлекеттік табиғи қорығының аумағында орналасқан Сарыкөл көліндегі қамыстың өртенуі оқшауланды.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық 8 өрт ошағының жетеуі жойылды. Қазіргі уақытта қарауылдау жұмыстары жүргізілуде, елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

"Өртті сөндіруге 23 бірлік техника, 78 адам, 2 жүзу құралы және "Қазавиақұтқару" АҚ-ның су төгетін құрылғылары бар 2 тікұшағы тартылды (тікұшақтарды тарту 3 мың га болатын аумақтың батпақты жер мен кірме жолдардың болмауына байланысты). Барлығы 288 тонна көлемінде 96 су ағызу жүзеге асырылды", – делінген өңірдің ТЖД хабарламасында.