Алматыдағы сейсмикалық станциялар тәулігіне төрт жер сілкінісін тіркеді. Олардың барлығы 17-18 маусым аралығында бірнеше сағаттық айырмашылықпен болған.
Алматыдағы сейсмикалық станция бір күнде төрт жер сілкінісін тіркеді
1,619
оқылды

Ақпаратқа сүйенсек, 17 маусымда Алматы уақыты бойынша сағат 22:14-те жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 809 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. MPV магнитудасы 4,9.

Келесі жер сілкінісі Алматы уақытымен 23:08-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 829 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.3. MPV магнитудасы 4,3.

8 маусымында Алматы уақыты бойынша сағат 02:46-да кезекті жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Қытайдың Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 787 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.7. 

MPV магнитудасы 4,4.

Адамдардың жер сілкіністерін сезгені туралы ақпарат айтылмайды.

Сондай-ақ, бүгін 2023 жылдың 18 маусымында Алматы уақыты бойынша сағат 08:58-де тағы бір жер сілкінісі болды.

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "СОME" ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 2023 жылғы 18 маусымда Алматы уақыты бойынша 08 сағат 58 минут 32 секундта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 839 шақырым жерде Кашмир мен Қытай шекарасында орналасқан”, – делінген "Алматы" ХҚО кезекші операторының хабарламасында.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.1. MPV магнитудасы 4,5. Тереңдігі 70 шақырым. Бұл жер сілкінісін де адамдардың сезгені туралы ақпарат жоқ.