Шымкенттегі әскери бөлімде офицер көз жұмды

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінде офицер қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.

Қатты ыстық салдарынан 2 әскери қызметкердің денсаулығы нашарлап, ауруханаға түскен.

«Ақтас» полигонының базасындағы Шымкенттің 6506 әскери бөлімінде 20 шақырым қашықтыққа саптық жүру болған. Қатты ыстық салдарынан екі офицердің жағдайы күрт нашарлап, дереу ауруханаға жеткізілген. Олардың бірі есін жимастан көз жұмды. Адам қайтыс болғаны үшін жауаптыларды жазалау керек», – делінген  Egov.press Telegram-каналында жарияланған ақпаратта.