Банк қызметкерлерін кепілге алған күдіктіге қатысты тергеу амалдары басталды

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Kaspi банктегі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Дабыл гранатасы қолданылды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Бәрі аман-сау. Осы банктің 7 қызметкері босатылды. Қылмыскер ұсталды. Қазір оны тергеу амалдары басталды. Оқиға болған жерде тексеру жүріп жатыр», – деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордадағы Kaspi банктің ғимаратында қаруланған ер адам ұйым қызметкерлерін кепілге алды.

Kaspi банктің кепілдегі қызметкерлері босатылды.