Кепілде болған азаматтар жапа шеккен жоқ, дәрігерлердің тексеруінен сол жерде өткен соң үйге жіберілді.
Елорда әкімі банк қызметкерлерін құтқару операциясында ширақ қимыл көрсеткен ІІМ қызметкерлеріне алғыс айтты
2,278
оқылды

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек кепілген алынған банк қызметкерлерін құтқару операциясында ширақ қимыл көрсеткен ІІМ қызметкерлеріне алғыс айтты.

Каспи банкінің бөлімшесінде кепілге алынған азаматтарды құтқаруда ерекше ерлік көрсеткен полиция қызметкерлеріне, атсалысқан Ішкі істер министрлігінің басшылығына алғыс айтамын. Сол азаматтардың ширақ қимылының арқасында қылмыскер тез арада құрықталды. Кепілде болған азаматтар жапа шеккен жоқ, дәрігерлердің тексеруінен сол жерде өтті, – деп жазды әкім фейсбуктегі парақшасында.