Астанадағы Kaspi банктің ғимаратында қаруланған ер адам бірнеше кісіні кепілге алғанын хабарлап едік.
Күзет қызметі дабыл түймесін басып үлгерген – Kaspi Bank
1,746
оқылды

Kaspi банктің баспасөз қызметі қарулы адам банкке кірген бойда күзет қызметі дабыл түймесін басып үлгергенін мәлім етті.

«18 маусымда қарулы адам Kaspi банктің бөлімшесіне шабуыл жасап, қызметкерлерге қауіп төнді. Қүзет қызметі талапқа сай дабыл түймесін дереу іске қосты. Тиісінше бұл жерге полиция жедел жетті. Кепілге алынған адамдарды босату операциясы 2 сағатқа созылды және сәтті аяқталды», – деп мәлім етті банктің баспасөз қызметі.