Күдікті тергеу изоляторына қамалған.
Астанада адамдарды кепілге алған азаматтың кім екені белгілі болды
1,345
оқылды

Астана қаласының прокуратурасы банкте адамдарды кепілге алу оқиғасына қатысты түсініктеме берді.

«Бүгін сағат 14:00 шамасында бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылған Жамбыл облысының тумасы А. Мурадов (1993 жылы туған) Достық көшесінде орналасқан Kaspi bank бөлімшесін басып алған. Ол 2013 жылдан бері есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр. Оқиға орнына Ішкі істер министрі, Астана қаласының әкімі, Бас прокурордың бірінші орынбасары және басқа да мүдделі қызметтер барды. Жақын маңайда орналасқан барлық үйлерден тұрғындар дереу шығарылды», – делінген прокуратураның хабарламасында.

Мәлім болғандай, күдікті тергеу изоляторына қамалған. Операция барысында кепілге алынған адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

«Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-бөлігінің 4 және 8-тармақтарымен (Адамды кепілге алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген ведомствоның хабарламасында.

 

Фото ©Tengrinews.kz