Мұрат Жүребеков жаңа қызметке тағайындалды

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Мұрат Өтемісұлы Жүребеков Премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін (1999), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (2001), Strathclyde университетін (Глазго, Шотландия, 2003), Гарвард бизнес мектебін (Бостон, АҚШ, 2013), Қазақстан-Британ техникалық университетін (2019) тәмамдаған.

«ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, Лондондағы «Аджип ККО», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «PSA» ЖШС-да жауапты қызмет атқарды.

2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін Энергетика вице-министрі болды. Кейін энергетика бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Ақтөбе қаласының әкімі болған.