Ертең Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Астанада Сенат пен Мәжіліс бірлесіп жиын өткізеді.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Парламент палаталарының бірлескен отырысы 20 маусым күні сағат 15:00-де Астана қаласында өтеді.