Орман өртенген аумақта әлі де өрт қаупі сейілген жоқ.
Абай облысындағы өртті сөндіріп жатыр – министрлік
874
оқылды

ТЖМ мен ЭТРМ күштері бірлесіп әуеден барлау және қарауылдау барысында анықталған түтін шығып жатқан орындарды сөндіріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ТЖМ және «Семей орманы» МОТР өрт орындарын да тұрақты қарауылдап отыр. 

Ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) көмегімен мониторинг жүргізіліп жатыр.

Өртті сөндіруге 500-ден астам адам, 167 бірлік техника, 6 ұшақ жұмылдырылды.

3 елді мекенде (Талица, Успенка, Бородулиха) орнатылған командалық-штабтық автомобильдері өрттің периметрі бойымен ахуалға мониторинг жасады. 

Өрт басталғалы бері барлығы өрт ошақтарына 2 707 рет көлемі 7 951 астам тонна су төгілді.