Ақмолалық полицейлер өрттен үш адамды құтқарды.
Полицейлер үш адамды өртеніп жатқан үйден аман алып шықты
1,590
оқылды

Оқиға 19 маусым күні сағат 02:25 шамасында болған. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

«Қайнар-1» экипажының инспекторлары Мақсат Сейсембаев пен Хайдар Хуаныш Зеренді ауылында үй өртеніп жатқанын хабарлады. 

«Алдымен біз өрт сөндірушілер сол жерде жұмыс істеп жатқан шығар деп ойладық. Бірақ тексерейік деп оқиға орнына бардық. Шұғыл Зеренді ауданының өрт сөндіру бөлімі мен полицияға хабарладық, – дейді олар. 

Терезеге жақындағанда олар үйдің ішінен айқайлаған дауысты естіген. Асүйдің терезесін сындырып, ішке кірген. Еденде жатқан 3 адамды далаға алып шыққан. Көмекке келген дәрігерлерге тапсырды.

Өрт үйдің дәлізіндегі электр сымының тұйықталуынан шыққан.

Фото: polisia.kz