15 маусымда өртті оқшаулауға мүмкіндік туындағанымен, оны сөндіру шаралары әлі күнге жалғасып жатыр.
Жаңа Адамдар өрт сөндіруші қаһармандарға Семейдің ортасында үлкен баннер орналастырып, алғыс білдірді
1,238
оқылды

Табиғи апаттар, әсіресе, орман өрттері әлем елдерінің басым бөлігінде үлкен мәселеге айналып отыр. Орман өрті мәселесі Қазақстан үшін де өзекті. 8 маусым күні, Қазақстанның шығысындағы «Семей орманы» ӨСБ-де жанудан басталған өрт, 60 мың гектар көлемінде жер аумағын қамтып, бірнеше азаматтың өмірін жалмады.

Табиғи апаттармен күресу оңай шаруа емес. Осы қауіпті миссия Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің және өрт сөндірушілердің иығына түсті. Олар күн сайын халық бейбіт өмір сүруі үшін өз денсаулығын, тіпті өмірін құрбан етуге дайын. 

Бүкіл елмен бірге Жаңа Адамдар жанкешті өрт сөндірушілерге алғыс білдіріп, оларға қолдау көрсетті. Олардың құрметіне 150 шаршы метрден астам жер аумағында «Батырларымызға мың алғыс!» атты үлкен баннер орналастырылды.

«Біз өрт сөндірушілерге, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне және өртті сөндіруге атсалысқан барлық мамандарға бүкіл халықтың атынан алғысымызды білдіргіміз келді. Сіздердің адалдығыңызға, батылдығыңызға және табандылығыңызға рақмет! Адамдарды құтқарғандарыңыз үшін рақмет! Қазақстанымыздың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі үшін бәрін жасауға дайын болғандарыңыз үшін рақмет!», – деп алғысын білдірді Жаңа адамдар ұйымының мүшесі Мейіржан Ғарифоллаев.