Қостанай облысы Заречное ауылындағы «Арғымақ» ипподромында Қостанай тұқымы жылқылары арасында бәйге өтті.
Қостанай тұқымы жылқылары арасында кезекті бәйге өтті
939
оқылды

 

Жарыстың басты мақсаты – Қостанай тұқымын қолдау және дамыту. 

Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен республикалық «Бәйге» федерациясының ұйымдастыруымен өткен бәйгеге 41 жылқы қатысып, ұшқыр бәйге, құнан бәйге, аламан бәйге бойынша сайысқа түсті.

Ұшқыр бәйге 1200 м:

 1-орын Өтеген Қуаныш «Командор» есімді тұлпары;

2-орын Байқұрман Сабыржан «Самғау» есімді тұлпары;

3-орын Никонов Михаил «Быстрая звезда» есімді тұлпары.

 

Ұшқыр бәйге 2000 м:

 1-орын Байқұрман Сабыржан «Рибэка» есімді тұлпары;

2-орын Ертас Ринат «Берен» есімді тұлпары;

3-орын Қонысбаев Ерасыл «Коржик» есімді тұлпары.

 

Құнан бәйге 7000 м:

 1-орын Харитонов Тимур «Нұрберген» есімді тұлпары;

2-орын Ахмет Нұрасыл «Фаина» есімді тұлпары;

3-орын Төребаев Асқар «Қаңтар» есімді тұлпары.

 

Аламан бәйге 20 000 м:

 1-орын Қайыржан Әлихан «Фанзор» есімді тұлпары;

2-орын Рымхан Нұртілеу «Бәйтерек» есімді тұлпары;

3-орын Жанат Айсері «Риба» есімді тұлпары.

 

Айта кетейік, турнирдің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ, ал серіктесі – «Sportqory» спортты қолдау қоры.