Астана көшелерін түтін басып, дәрігерлер көшеге шықпауға шақырды.
Астана маңындағы өртті сөндіруге көршілес аймақтардан өрт сөндірушілер мен техника көмекке келді
1,361
оқылды

Елорда маңындағы өртті сөндіруге көршілес аймақтардан өрт сөндірушілер мен техника көмекке келді, – деп хабарлайды қалалық ТЖ департаменті.

«Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері алдын ала болжам бойынша 50 гектар аумақта құрғақ шөп өртін сөндіруді жалғастыруда. Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары 18 рет – 63 тоннадан астам су шашты. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өртті сөндіруді үйлестіру үшін сол жерде жүр», – деп жазылған ТЖД хабарламасында.

Сонымен бірге, елордалық өрт сөндірушілерге көмекке Ақмола облысының жеке құрамынан 18 адам, 5 техника және Қарағанды облысынан 5 техника мен 25 адам көмекке шықты.

Бұған дейін Қорғалжын тасжолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында қураған ағаштың өртеніп жатқанын хабарлаған едік.