«Қазгидромет» РМК Астанадағы ауа сапасына тексеру жүргізіп, азот оксиді мен азот диоксиді шамадан тыс артқанын хабарлады.
Елорда маңындағы өрт оқшауланды
653
оқылды

Елорда маңындағы құрғақ шөп өрті 80 гектар аумаққа жетті және оқшауланды, – деп хабарлайды елордалық ТЖ департаменті.

 

«Сағат 21:09-да елордалық өрт сөндірушілердің күшімен өрт оқшауланды. Өрттің жалпы аумағы 80 гектарға жетті. Зардап шеккендер мен опат болғандар жоқ. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жалғасуда», – деп жазды қалалық ТЖ департаменті.