Әр ай сайын көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан жәрдемақы төленеді.
Көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды?
38,033
оқылды

Жыл басынан бері 543,3 мың көпбалалы отбасына жалпы сомасы 170,3 млрд теңге жәрдемақы берілді. Оның ішінде, мамырда 553,8 мың отбасына 34,8 млрд теңге жәрдемақы төленді. Бұл туралы Aikyn.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Мемлекеттік жәрдемақыны 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар алады. 

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. 

Атап айтқанда:

– 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

– 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

– 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

– 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

– 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе

13 800 теңге мөлшерінде төленеді.

Еске сала кетейік, көпбалалы отбасындағы әр балаға жәрдемақы төлеу Астанада ата-анасы күндіз-түні жұмыс істейтін 5 баланың қазасынан кейін тағайындалған еді.