ҰҚК екі қылмыстық топты қару ұстап, кездесуге келген жерінен ұстады

ҰҚК Өскемен қаласының ішкі істер органдарымен бірге өзара текетіресіп жүрген екі қылмыстық топты ұстады.

Екеуінің жоспарлап отырған кездесуінің жолын кесті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. 

Операция барысында кафеде қылмыстық топтың 20-дан астам мүшесі ұсталды. Кейбірі кафеге қарумен келген.

 

Күдіктілерден 2 «Макаров» тапаншасы, жарақаттаушы тапанша, мылтық, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, дыбыс-жарқылы бар граната және 2 суық қару тәркіленді.

Тергеу жалғасып жатыр.