Ол сұр түсті джинсы киген, қолында қара түсті сөмкесі бар.
"Қара түсті сөмкесі бар": Абай облысында 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті
2,502
оқылды

Абай облысында 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Абай облысының полиция қызметкерлері қызды іздестіріп жатыр. 

19 маусымда сағат 15:00-де кәмелетке толмаған қыз үйден белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмаған. Ол сұр түсті джинсы киген, қолында қара түсті сөмкесі бар.

"Іздестіріліп жатқан бойжеткенге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауыңызды өтінеміз", – делінген хабарламада. 

Фото: Polisia.kz