Әкесіне қатысты шешімді естігенде ұлы Дінмұхамед Мұхамеди төбелес шығарды.
Арыстанбек Мұхамедиұлының ұлы сот залында төбелес шығарды
20,884
оқылды

Бүгін Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын 8 жылға соттады. Әкесіне қатысты шешімді естігенде ұлы Дінмұхамед Мұхамеди төбелес шығарды, – деп хабарлайды El.kz.

Баласы сот кезінде «Позор» деп айғалады. Кейін сот залынан экс-министрді алып шығып келе жатқанда, ұлы әкесіне қарай ұмтылды. Бірақ құқық қорғау органдары қызметкерлері итеріп, арашалап алды.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Оған "Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі" халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ "Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру" жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлады және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген айып тағылды.