Қазақстанның Энергетика вице-министрі тағайындалды.
Ерлан Ақкенженов жаңа қызметке тағайындалды
4,663
оқылды

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі болып тағайындалды", – делінген ресми хабарламада. 

Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматыда дүниеге келген. "Әділет" жоғары заң мектебін, "Астана" университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке ұйымда бас маман болып бастаған.

2004-2012 жылдары мұнай-газ саласында басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2012-2016 жылдары KMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, сауда жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді. 2016-2022 жылдар аралығында коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

2022 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдерінің маркетингі департаментінің басшысы қызметін атқарды.