Тағы 4 адам жарақат алды.
Ақтөбе облысында жол апаты болып, 4 шетел азаматы қаза тапты
1,080
оқылды

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан төрт шетелдік, оның ішінде екі бала қаза тауып, тағы төртеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Облыстық полиция департаменті.

 

Оқиға 21 маусым күні таңғы сағат 8:15 шамасында Самара – Шымкент тасжолының 631 шақырымында Қобда ауылының маңында болған.

«Hyundai Starex автокөлігінің жүргізушісі Тәжікстан Республикасының азаматы рөлге ие бола алмағандықтан көлік аударылып кеткен», - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 15 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды. Әртүрлі дене жарақаттарымен алты адам Қобда ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізіліп, екеуі, оның ішінде жасөспірім бала қайтыс болды.

Алдын ала болжам бойынша, көлік жүргізушісі жолға шаршаған күйде шыққан.

Фото: alatauaraiy.kz