Өрттің алдын ала себебі – қауіптілігі жоғары агрегатқа салғырт қарау.
Семейде жолаушылар мінген автобус өртеніп кетті
1,209
оқылды
Семейде автобус өртеніп кетті. Бұл туралы Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желіде өртеніп жатқан автобустың видеосы тарады.

Instagram-дағы go_semey_  парақшасы оқырмандарының жолаушылар көліктен шығып үлгергенін жазды.

 

Семейде Шұғаев көшесінде автобус өртеніп жатыр деген хабарлама "101" пультіне сағат 8:50-де түскен.

"Құтқару бөлімшелері келгеннен кейін 2013 жылғы ПАЗ автокөлігі жүріп бара жатқанда қозғалтқыш бөлігінің бөлшектері, аспаптар панелі, салонның ішкі қаптамасы, отырғыштары мен кузовы жанып жатқаны анықталды. Өрт аумағы 20 шаршы метр болды. Өрт тез арада сөндірілді",– деп хабарлады Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 

Өрттің алдын ала себебі – қауіптілігі жоғары агрегатқа салғырт қарау.