Әлеуметтік желіде өрттің видеосы тарады.
Ақсу ферроқорытпа зауытында өрт болды
947
оқылды

Ақсу ферроқорытпа зауытындағы №4 балқыту цехында пештің трансформаторы өртенді, - деп хабарлайды  кәсіпорынның Instagram желісіндегі хабарламасы.

Өрт 21 маусым күні сағат 16:00-де шыққан.

«Өртті кәсіпорынның апаттық-құтқару қызметі мен Ақсу қалалық өрт сөндіру бөлімі оқшаулады. Зардап шеккендер жоқ. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар басқармасы штаб құрды. Тергеу басталды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», - деді Ақсу ферроқорытпа зауытынан.

Әлеуметтік желіде өрттің видеосы тарады.