Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
Белгісіз біреулер Астана сотының сайтын бұзып, Гүлмира Сатыбалдыға қатысты ақпарат жариялады
6,391
оқылды

Белгісіз адамдар Астана сотының сайтын бұзып, Гүлмира Сатыбалдыға қатысты ақпарат жариялаған.

«Астана қалалық сотының ресми сайтын бұзып, 10 минут бұрын Г.Сатыбалдыға қатысты ақпарат жарияланған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Нақты ақпаратты алу үшін Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне хабарласуларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Астана сотының ресми сайтында Гүлмира Сатылбалдағы қатысты үкім өзгеріссіз қалды деген ақпарат жарияланды.

Бұған дейін сот Гүлмира Сатыбалдыны Қылмыстық кодекстің 389-бабының 4-бөлігі, 28-бабының 3-бөлігі, 125-бабының 2-бөлігі 1 және 8-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырғаны хабарланды.