Өрт сөндіруші ауруханаға жатқызылды.
Ақсу ферроқорытпа зауытында шыққан өрттен өрт сөндіруші зардап шекті
948
оқылды

Ақсу ферроқорытпа зауытынан шыққан өрт кезінде жоғары температура әсерінен ғимараттың төбесі опырылып түсті. Өрт сөндіруші зардап шекті.

«Өрт сөндіруші ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр», - деп хабарлады журналистерге Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қызыл жалынның қанша аумақты шарпығаны өрт толық сөндірілгеннен кейін белгілі болады.

Қазір №15 белгіде аккумулятор бөлмесінде шамамен 50 шаршы метр алаңда жабдықтар мен сорғы майы жанып жатыр.

От 21 маусым күні сағат 16:00-де тұтанған.

«Өртті кәсіпорынның апаттық-құтқару қызметі мен Ақсу қалалық өрт сөндіру бөлімі оқшаулады. Зардап шеккендер жоқ. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар басқармасы штаб құрды. Тергеу басталды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», - деді Ақсу ферроқорытпа зауытынан.