Қазіргі уақытта экономикалық тексеру органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Ұлытау облысында заңсыз сатылып жатқан 89 млн теңгенің темекісі айналымнан алынды
1,410
оқылды

Ұлытау облысында 89 млн теңгеге заңсыз темекі өнімдері айналымнан алынды, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

Мамыр айында Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлескен іс-шара өткізді.

Оның нәтижесінде Сәтпаев қаласының Р. есімді тұрғынынан көлеңкелі темекі өнімдерін сәйкестендіру құралынсыз заңсыз сақтаумен және сатумен айналысқаны анықталды.

Нәтижесінде құны 89 млн теңгеден асатын 141 мың қорапша «Prestige», «Oris», «Craven A», «Manchester», «Zumerret», «Milano», «Mondeo», «Platinum», «Winston», «Oskar», «Mac» маркалы темекі өнімдері табылған.

Қазіргі уақытта экономикалық тексеру органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.