Ақсу зауытындағы өрттен зардап шеккен өрт сөндірушінің халі нашар

Павлодарда Ақсу ферроқорытпа зауыты өртенді.

Ақсу ферроқорытпа зауытындағы өрт кезінде шатырдан құлап кеткен өрт сөндіруші ауруханаға жеткізілді. 

1993 жылы туған ер адам Павлодардағы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің аға өрт сөндірушісі болып істейді. 

Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өрт сөндіруге Ақсу ферроқорытпа зауытында өрт сөндіріп жатып шатырдан құлап кеткен. 

«Ер адамға жабық бас-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, кеуде қуысы, жамбасының соғылуы, оң жақ кәрі жілік-білезік буыны аралығының созылып кетуі диагнозы қойылған. Буынына гипспен иммобилизация жасалды. Травматология бөлімшесіне жатыр. Жағдайы орташа ауыр, бірақ тұрақты», - деді дәрігерлер. 

Бұған дейін  Ақсу зауытындағы өрт туралы хабарлаған болатынбыз.