Арман Қайназаров қарызға батып, қаражаттан қиналған соң осындай күйге түскенін айтады.
"35 шықпаған әні бар": Арман Қайназаровтың туыстары оның неге қаңғыбас болып кеткенін айтып берді
27,389
оқылды

Талай эстрада жұлдыздарының бағын ашып, ән жазып берген Арман Қайназаровтың қаңғыбасқа айналуына не себеп болғанын оның туған інісі айтты, - деп хабарлады Еуразия арнасы.

«Қанша рет көмектестік, көмектесеміз де. Бірақ ішімдікке беріліп кеткендіктен, кей кезде достарына кетіп қалады. Бұл өмірдің сынағы ғой, бір адам тез алып кетеді, бір адам кішкене ұзағырақ жүреді деген сияқты», - дейді композитордың туған інісі Алмас Қайназаров.

Сондай-ақ Арман Қайназаров қарызға батып, қаражаттан қиналған соң осындай күйге түскенін айтады.

Арман Қайназаровтың аянышты күйін көрген журналист әрі продюсер Тимур Нұғман оған бірден көмек көрсету туралы шешім қабылдаған.

«Қазір дәптерге жазып қойған, шықпаған 35-тей әні бар екен. Өте жақсы жігіт, ақкөңіл екен, байқағаным. Қолында не тұрса, соны бере салатын азамат екен. Сол себепті де осындай күйге түскен шығар деп ойлаймын», - дейді продюсер, журналист Тимур Нұғман.