Өрт Атырау қаласының Абрахманов көшесінде орналасқан әмбебап дүкендердің бірінен шықты.
Атырауда әмбебап дүкен өртеніп кетті
1,213
оқылды

Төтенше жағдай 22 маусым күні сағат бір шамасында орын алды.

Өрт Атырау қаласының Абрахманов көшесінде орналасқан әмбебап дүкендердің бірінен  шықты.

"Өрт өндіру бөлімдері шақырту орнына жеткен кезде әмбебап дүкеннің төбе жабындысы жанып жатты. Өрт сағат 14:27-де ауыздықталып, 14:45-те толық өшірілді. Өрттің шығу себептері анықталуда", – делінген Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.

Өртті сөндіруге 53 адам, 13 техника жұмылдырылған.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Баян Жанұзақова