Бес адамға арналған Oceangate Expeditions батискафы 1912 жылы мұхит түбіне батып кеткен Титаник кемесінің бөлшектеріне экспедиция жасауға шыққан.
Атлант мұхитының түбіне түсіп, жоғалып кеткен «Титан» батискафындағы туристердің оттегісі таусылды
5,309
оқылды
Атлант мұхитының түбіне түсіп, жоғалып кеткен титан батискафтағы (теңіз түбінде өздігінен жүретін аппарат) туристердің оттегісі таусылды. Ол суға батқаннан бері 96 сағаттан астам уақыт өтті.

Бұл туралы АҚШ жағалау күзетінің есебінде айтылады, оған сәйкес су асты аппаратының ішіндегі оттегі қоры 22 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 17:08-де түгесілуі керек, - деп хабарлайды NBC телекомпаниясы.

Сондай-ақ телеарнаға сұқбат берген сарапшылар батискафтың бортындағылар өз бетімен оттегі тұтынысын үнемдеуі мүмкін екенін атап өтті, сонда оттегі қоры уақытын ұзартуға болады. Ал, негізінен, құрылғы жолаушыларды 96 сағат ауамен қамтамасыз ете алады.

Сүңгуірлер, әдетте оттегі тұтынысын қалай үнемдеуге болатыны туралы нұсқаулық береді.

Бастапқыда батискаф жолаушыларды оттегімен 96 сағатқа қамтамасыз ете алады деп хабарланған, бұл - суға түскен күннен бастап төрт күн. Бұл мерзім бейсенбі күні таңертең аяқталды.

Бес адамға арналған Oceangate Expeditions батискафы 1912 жылы мұхит түбіне батып кеткен Титаник кемесінің бөлшектеріне экспедиция жасауға шыққан.