Ключевская жанартауы соңғы рет 2020 жылы атқылаған.
Ресей аумағында жанартау атқылай бастады
1,402
оқылды

Еуразия аумағында ең биік саналатын Ключевская жанартауы атқылай бастады.

Бұл туралы Жанартаулардың атқылауын бақылайтын камчаткалық топтың (KVERT) жетекшісі, Ресей ғылым академиясы Қиыр Шығыс бөлімінің Вулканология және сейсмология институтының ғылыми қызметкері Ольга Гирина мәлімдеген.

«Жанартаудың жай ғана жарқырауы емес, стромболиялық типтегі ең жоғары жарылғыш атқылау тіркелді. Әзірге мұндай атқылау ешкімге қауіпті емес: халық үшін де, авиация үшін де», – деді Ольга Гирина.

Ключевская – континенттегі ең белсенді жанартау, оның биіктігі – 4750 м. Жанартау соңғы рет 2020 жылдың қазан айында атқылаған. Ең жақын елді мекен – Усть-Камчатский ауданы, Ключи ауылы – жанартау баурайында, кратерден 30 км қашықтықта орналасқан.

 

Фото: РИА Новости