Бұл туралы бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы отырысында айтылды.
Шымкенттіктер таза ауыз су, сапалы жарық, көгілдір отынмен қамтылады
1,115
оқылды

Мегаполисте инфрақұрылым саласын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, қала тұрғындары сапалы электр энергиясы, табиғи газ, ауыз сумен қамтылып, елдімекендер кәріз жүйесіне қосылып, тозығы жеткен жылу құбырлары жаңартылады.

Бұл туралы бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы отырысында 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы есебінде қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Ердембеков Мақсат Кабделұлы баяндады. 

Мақсат Кабделұлының айтуынша, қазіргі таңда, 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Биыл Қайнарбұлақ, Сайрам, Құрсай елдімекені және Еңбекші ауданындағы жаңақұрылыс аумақтарын, яғни 61 мың халық ауыз сумен қамту жоспарлануда. Алдағы бес жылда қала тұрғындары 100 пайыз таза әрі сапалы ауыз суды тұтынатын болады.

«Қазіргі таңда қаладағы 81 елдімекеннің 51-і көгілдір отынмен толық қамтылған. 2023 жылы табиғи газбен жартылай камтылған 6 (Тәуелсіздіке 20 жыл, Құрсай, Алтынтөбе, Жұлдыз,  Қаратөбе, Тұран шағынаудардары және Тассай, Солтүстік саяжай, Сәуле   халқы табиғи газбен қамтылады. Ал сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша  биыл қуаты 110 мВт «Ақжар» қосалқы станцциясын іске қосу бойынша жұмыстар жасалуда»,- деді басқарма басшысы. 

Партиялық бақылау комиссия төрағасы Ғани Ташқараевтың басшылығымен өткен жиынға партиялықтар, комиссия мүшелері,  қалалық  энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының және ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті басшылығы, мамандары мен тұрғындар қатысты. 

Отырыста сондай ақ, ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті басшысы Нұрбеков Ержан Серікұлының да қысқаша хабарламасы тыңдалды.