Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 1 ақпанды Азаматтық авиация күні деп белгілеуді ұсынды.
Елімізде жаңа мейрам пайда болады
5,917
оқылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 1 ақпанды Азаматтық авиация күні деп белгілеуді ұсынды.

 

Ашық үкімет порталында Үкіметтің №689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы жаңа қаулы 11 шілдеге дейін жария талқыға шығарылды.

«Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде: мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын: Қазақстан Республикасының азаматтық авиация күні – 1 ақпан; Кеңес әскері шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан», – деп жазылған қаулы жобасында.

Фото: commons.m.wikimedia.org