Ол оқиға болған жерде тіл тартпастан көз жұмған.
Көкшетауда тоғыз қабатты үйден құлаған ер адам көз жұмды
1,056
оқылды

Көкшетауда ер адам тоғыз қабатты үйден құлап мерт болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Суыт оқиға кеше болған. Қала тұрғынының көп қабатты үйден құлағаны жайлы полицияға 22 маусым күні хабарланыпты. Ол оқиға болған жерде тіл тартпастан көз жұмған. 

- Ауыр дене жарақаттарын алған ер адам сол жерде бірден қаза болды. Полиция қызметкерлері ер адамның кім екенін анықтады. Ол 1984 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты, - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің маманы Әсем Әбдірахманова. 

Қазіргі уақытта аталған факт Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-тармағы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген. 

Полиция тергеу шеңберінде аталған оқиға жөніндегі барлық жағдайларды анықтамақ. 

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы