24 маусымда еліміздің 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Сенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы бұзылып, қатты жел тұрады
2,417
оқылды

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп болжанады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні – 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда түнде күн күркірейді. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта түнде найзағай жарқылдап, күн күркірейді деп күтіледі.

Түнде Ақмола облысының шығысында, күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Түнде облыстың шығысында, күндіз батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік-батысында топырақ беті қатып, сынап бағаны -1 градусты көрсетеді деп болжанады. Астанада да найзағай жарқылдап, күн күркірейді деп күтіледі. 

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай жарқылдап, күн күркірейді деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18-20 м/с құрайды.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда найзағай ойнайды деп күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп болжанады. Батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Оралда күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі деп болжанады.

Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 24-26 маусымда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкентте де төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында батыстан солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні түнде облыстың батысында, орталығында 15 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Абай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде 23-28 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде күн күркіреп, найзағай ойнайды деп күтіледі.  Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Қызылорда облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда да өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.  Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай жарқылдап, күн күркірейді деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с, кей тұста 28 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай жарқылдап, күн күркірейді деп күтіледі. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с дейін жетеді.