Недовесов үшін осы маусымдағы бұл – үшінші финалы.
Александр Недовесов Ұлыбританиядағы жарыстың жеңімпазы атанды
1,212
оқылды
Қазақстанның ерлер құрамасының жұптық сындағы көшбасшысы Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге Ұлыбританияда өткен турнирдің чемпионы атанды.

Қос теннисші америкалық-австралиялық дуэт – Роберт Гэллоуэй мен Джон Патрик Смитті үш сеттің екеуінде ұтып кетті. Есеп – 2:6, 7:5, 11:9. Кездесу 1 сағат 31 минутқа созылды.

Ойын барысында қазақстандық пен эквадорлық 5 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Олардың қарсыластары 3 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, қазақстандық-эквадорлық жұп чемпиондық атаққа қол жеткізді.