Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің концерті өтпейтінін растады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қамауда отырған Төреғали Төреәліге қатысты тағы бір тың дерек шықты
60,417
оқылды

«7 шілдеде Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Төреғали Төреәлі мен Әбдіжаппар Әлқожаның концерті өтеді деп жоспарланған болатын. Кеше, 22 маусымда концертті ұйымдастырушы концерт болмайтынын хабарлады. Демек, бұл концерт біздің залда өтпейді», – деп хабарлады филармонияның баспасөз қызметі.

Бұған дейін қазақстандық әнші мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен әкімшілік жауапқа тартылған болатын. Ол 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, 20 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Бұдан өзге, әншіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы «Билік өкілін қорлау» бойынша қылмыстық құқық бұзушылық фактісімен қылмыстық іс қозғалды.