Жетісай ауданында темір тұлпарын автокөлік жуу бекетіне қалдырып кеткен шымкенттік әйел көлігінен айырылды. Себебі жүргізушінің Toyota camrу маркалы көлігін белгісіз біреу айдап кеткен, – деп хабарлайды Elitar.kz сайты.
Шымкенттік әйел жууға алып барған көлігінен айырылып қалды
17,275
оқылды

Жүргізуші әйел дереу полицияға арызданған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркеуге алынды.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көлікті айдап кеткен адамды анықтады. Ол жергілікті тұрғын, автокөлік жуушы жігіт болып шықты.

Полиция хабарлауынша, көлік жуушы жігіт өзіне сеніп тапсырылған автокөлікті рұқсатсыз айдап кеткен. Содан рөлге ие бола алмай, өзге көлікке соқтығысып, жол жиегіне түсіп аударылған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 6 миллион теңге.

Қазір қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.