Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Ресейдің ішкі мәселесі – Тоқаев Путинмен сөйлесті
1,526
оқылды

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Владимир Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі  – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі. 

Владимир Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты”, – деп жазды Ақорданың ресми сайты.