30 маусымнан бастап ірі қара малды және ұсақ малды Қазақстан аумағынан әкетуге тыйым салынады.
Ауыл шаруашылығы жануарларының кейбір түрлерін елден әкетуге шектеу енгізілді
1,885
оқылды

Қазақстанда малдың кейбір түрлерін әкетуге алты айға шектеу енгізілді. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

 

«23 маусымнан бастап 60 мың бас торпақ мөлшерінде тірі ірі қара малды, 120 мың бас еркек тоқты мөлшерінде тірі қой және ешкілерді Қазақстан аумағынан әкетуге алты айға сандық шектеулер енгізіледі», – делінген хабарламада.

Құжатта торпақтар мен қошқарларды ветеринариялық сертификат болған кезде ғана Қазақстан аумағынан әкетуге рұқсат етілетіні аталып өткен.

Сонымен қатар 30 маусымнан бастап ірі қара малды және ұсақ малды Қазақстан аумағынан әкетуге тыйым салынады.