Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламаларынан бастапқы жарнаны алып тастау туралы сауал жолдаған. Әлихан Смайылов сауалға жауап берді.
“Бақытты отбасы”, “Шаңырақ” бағдарламалары бойынша бастапқы жарна алынып тастала ма? – Премьер-Министр жауабы
939
оқылды

Еске сала кетсек, Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны алып тастауды ұсынды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында айтты.

Елімізде халық санының қарқынды өсуі жағдайында аталған бағдарламалар бойынша несиелеу көрсеткіштері өте төмен.

"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша соңғы төрт жылда 14 938, "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша 19 394 несие берілген. Бұл көрсеткіштер өте төмен.  Осыған орай екі бағдарламада да бастапқы жарнаны міндетті шарттардан алып тастауды ұсынамын", – деді Гаухар Танашева.

Биыл "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламасы үшін 71,9 млрд теңге бөлінген.

Премьер-Министр Мәжіліс депутаттарының бағдарламалардан бастапқы жарнаны алып тастау туралы сауалына жауап берді.

"2023 жылға бөлінген бюджет баспана кезегінде тұрған 415 700 адамның шамамен, 6 786 өтінішін қабылдауға жетеді. Бұл көрсеткіш ипотека бойынша баспана ала алатын мұқтаждардың жалпы санының 1,6 пайызын құрайды. Халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін қолданыстағы ипотекалық бағдарламаларды қайта қарау қажет", – деді депутат.

"Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны алып тастауға келсек, қарыз бойынша бастапқы жарна кепілді қарыздар мен соның салдарынан туындайтын тәуекелдерді сақтандыруға арналған. Бастапқы жарнаны алып тастау немесе азайту қарыз алушының ай сайынғы қаржылық жүктемесін көбейтеді, — деп жазды Үкімет басшысы.

Сонымен қатар ол жергілікті әкімдіктер әлеуметтік тұрғыда осал топқа жататын отбасылардың ипотека жүктемесін азайту үшін тұрғын үй сертификаттарын беретінін еске салды.

Жергілікті атқарушы органдар халықтың әлеуметтік осал топтарына жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша бастапқы жарнаны төлеу бөлігінде бюджеттік кредит нысанында тұрғын үй сертификаттарын бөледі, — деп жазылған жауапта.