Ақтауда Yessenov University студенттері дәстүрлі дипломдардың орнына оралған қағаз берілгеніне наразылық білдірді. Олар дипломның сырты үшін ақша төлегендерін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі inAktau сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұқабасы жоқ: Ақтауда студенттер дипломның дұрыс табысталмағанына наразы
1,324
оқылды

Студенттердің айтуынша, қызыл дипломға 2 500 теңге, ал көк дипломға 1 500 теңге төленген. 

“Әдеттегідей, біздің университет таңғалдырудан жалықпайды! Осы университетте оқи отырып,  дипломның орнына жіппен оралған қағаз алатынымызды білмедік! Біз дипломның қабы үшін ақша төлеген едік! Сонда не үшін ақша бердік? Қағаз үшін бе? Немесе лента үшін бе? Неліктен биыл осындай өзгерістер жасауға шешім қабылдады? Бұл қағаздың мәні неде? Мүмкін өздері басып шығарсын деп бірден дипломды поштаға жібермедіңіздер ме? Жылына 400 мыңнан төлейтін тұтынушылар ретінде біздің құқығымыз бар!", – деп жазды студенттердің бірі.

Yessenov University баспасөз қызметі оқу орны дипломның сырты үшін ақша алмағандарын айтты.

Әлеуметтік желілерде таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Олар "Түлектер қауымдастығы" қорына мүшелік жарна ретінде 1 500 теңге тапсырады. Қорға кіру ерікті түрде жүзеге асырылады, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ дәстүрлі мұқаба мен дипломға қосымша тіркеу бөлімінде берілетінін айтты.

“Диплом тек салтанатты тапсыру кезінде әлемдік форматқа (яғни таспаға) сәйкес ұсынылады. Бұдан әрі мұқаба диплом (транскрипт) қосымшасымен бірге тіркеу орнында да қоса берілетінін мәлімдейміз, – деп нақтылады ЖОО-да.